Ұлыбританияда коронавирус вакцинасын салу басталды. Pfizer компаниясы өндірген вакцинаны алғашқы болып 90 жастағы Маргарет Кинан есімді британдық әйел қабылдады.
Елдің Денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок халықты вакцинациялау келесі аптада басталатынын және екпенің 40 миллион дозасына тапсырыс берілгенін хабарлады.
Pfizer – BioNTech вакцинасы Дәрілік заттар мен медициналық құрылғыларды бақылау жөніндегі басқармасымен (MHRA) мақұлданған. Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, сатып алынады деп жоспарланған 300 млн дозаның бағасы – 4,6 млн еуро. Аталған екпелерден басқа, тағы бірнеше компания вакциналарын тіркеуге және өнеркәсіптік өндірісті бастауға дайындалып жатыр.
Екі вакцина клиникалық сынақтың соңғы үшінші фазасын аяқтады. Қазір басқа он екпе сынақтың соңғы кезеңінен өткізіліп жатыр. Сынақтан сәтті өтіп, коронавирусты емдеуде 90%-дан артық дәлдік көрсеткен вакциналар қатарында Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесі бар.
Вирустан қатты зардап шеккен Еуропа елдерінің бірі – Ұлыбритания. Пандемия басталғалы мұнда 1,75 миллион дерек тіркеліп, 62 мыңнан астам адам қайтыс болған. Ал әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 68,2миллионға жетті.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді