Минскідегі сот TUT.BY сайтын БАҚ мәртебесінен айырды. Басты себеп – сайт тілшілерінің президент сайлауы мен елдегі митингтен шынайы ақпарат таратуы.
Негізінен Беларусь ақпарат министрі Игорь Луцкийдің 29 қыркүйектегі бұйрығына сайкес TUT.BY сайты ақпарат тарату құқығын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап тоқтатқан. Департамент 18 қыркүйекте Минск экономикалық сотына талап арызын жолдаған. Сот отырысы 8 қазанға жоспарланған.
TUT.BY ресми бұқаралық ақпарат құралы ретінде 2019 жылдың қаңтарында тіркелген. Беларусь заңына сайкес интернет-ресурстарды ақпарат құралы ретінде тіркеу міндетті емес. Сол себепті сайт 2000 жылы құрылғаннан өткен жылға дейін тіркелмей жұмыс істеген.
2020 жылдың 7 тамызынан бері TUT.BY сайтына төрт мәрте ескерту жасалған. Оған басты себеп – сайттың Беларусьтегі президенттік сайлау қарсаңындағы заң бұзушылықтар және наразылық шаралары туралы ақпарат таратуы.
Беларусь билігі БАҚ туралы заңды алға тарта отырып сайтты сотқа тартқан. Нәтижесінде қазаннан бастап TUT.BY сайты ақпарат құралы мәртебесінен айрылды. Дегенмен портал өкілдері бұл шешімге қарамастан жұмысты жалғастратынын мәлімдеді.
9 тамызда Беларусьте президенттік сайлау өтіп, нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы ширек ғасыр билік еткен Александр Лукашенконың жеңісін жариялады. Оппозиция президент сайлауының ресми қорытындысын мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс ушыға түсті. Азаматтық белсенділер сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайды. Лукашенконың отставкасын талап еткен наразылық шаралары елдің түрлі қалаларында жалғасып жатыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті