Израиль қарулы күштері Сүриядағы бірқатар әскери нысандарға әуе шабуылдарын жасағанын мәлімдеді. Еврей қарулы күштерінің нысанасына Башар Асад режиміне қарасты әскери нысандармен бірге Сүрия жеріндегі Иран әскери күштері де ілінген.

Еврей қорғаныс күштері жасаған мәліметке қарағанда, Израиль ұшақтары Сүрия жеріндегі сегіз нысанаға соққы жасаған. Бұл нысандар арасында Иранның Револция сақшылары қосынына қарасты Сүрия жерінде «Құдыс күштеріне» тиесілі нысандар да бар.

Израиль Қорғаныс министрлігінің бұл хабарламасымен қатар SANA агенттігі де Ирзаиль қарулы күштері жаулап алған Голан қырқасынан Дамаск қаласының оңтүстігіне бағыттап зымырандар атқанын хабарлады.

Өткен аптада Израиль тарабы Сүриямен жақын шекараларда қауіпті жарылғыш заттар табылғанын мәлімдеген. Тель-Авив оны Сүрия жеріндегі Иран күштерінің әрекеті деп таныған және кезекті әскери операцияны жауап қатарында жасағанын мәлімдеді.

“The Qazaq Times”