Сүриядағы үкіметті ауыстыру - Құрама Штаттардың сыртқы саясаттағы басты жоспарларының біріне айналды, деп мәлімдеді АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли.
Си-эн-эн телеарнасына сұхбат берген Хейли көптеген елдерде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресу - басты мақсат болып қала беретінін, бірақ Башар Асад билікте отырғанда, Сүриядағы жанжалды реттеу мүмкін еместігін атап өтті.
7 сәуір түні АҚШ сүриялық үкімет күштерінің авиабазаларына соққы жасап, Идлиб провинциясындағы химиялық шабуылға осылайша жауап берді. 9 сәуірде Ресей және Иран президенттері Владимир Путин мен Хасан Рухани телефонмен сөйлесіп, АҚШ-тың бұл әрекетін сынады.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер