Алексей Навальный Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковты сотқа берді. Шағымды Мәскеудің Пресненский сотының баспасөз қызметі растады.
Навальный Песковтың екі мәлімдемесін орынсыз және абыройға нұқсан келтіреді деп тануды талап етіп отыр. Бірінші мәлімдеме: «ЦРУ мамандары науқаспен жұмыс істейтінін ескерсек, Навальный сол ұйыммен тығыз байланыста». Екінші: «Бұл ұйым Навальный арқылы емес, бізбен тікелей диалог жүргізуі керек».
1 қазанда Песков оппозиционердің Америка Құрама Штаттарының Орталық барлау басқармасымен (ЦРУ) жұмыс істейтінін хабарлап, жоғарыда келтірілген мәлімдемелерді айтқан.
Навальный мұны «күлкілі айыптау» деп, Кремль өкілін сотқа берді. әзірге, Ресей президентінің баспасөз хатшысы оппозиционердің шағымына түсінік беруден бас тартып отыр.
2017 жылы Алексей Навальный Дмитрий Песковтың ұлы жайында бейнеролик жариялаған. Алексей Навальныйдың сөзінше, Песковтың осы уақытқа дейін Ұлыбританияда тұрып келген Николай Чоулз есімді ұлы Ресейге қайтып оралған. Бірақ ол ресми түрде ешқандай жерде жұмыс істемесе де құны 10 миллион рубль тұратын Tesla автокөлігін мініп, Мәскеудің қақ ортасында 110 шаршы метрлік пәтерде тұрып жатыр.
Навальныйдың Жемқорлыққа қарсы қорының зерттеулері бойынша, Песковтың ұлы Николай Чоулз Ресейде 116 рет жол ережесін бұзған және ешқандай жазаға тартылмаған. Ал Ұлыбританияда жүрген кезінде бір жылға түрмеге қамалған. Қазіргі уақытта Николай Чоуздың иелігінде Tesla автокөлігінен басқа Мәскеудің Рублевка ауданында пәтері мен соңғы үлгідегі Рейндж ровер, Феррари көліктері бар.
Естеріңізге салайық, Алексей Навальныйдың Жемқорлыққа қарсы қоры бұған дейін Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтың меншігіндегі дүние-мүлік жайында «Он вам не Димон» фильмін жариялаған болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді