Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан мен Беларусь арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.
Бұған дейін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев аталған келісімнің қос азаматтықтың алдын алуға бағытталғанын айтқан. Тұрғымбаев: «Бұл уәкілетті органдармен келісілді. Екі тарап азаматтық туралы ақпарат алмасады. Сонымен қатар, шекарада «Бүркіт» ақпараттық базасы бар және осы жүйе арқылы бізге қанша адам келіп, қанша адам баратынынан хабардар болып отырамыз», – деді.
Тұтастай алғанда, заң екі елге статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпаратпен; олардың аумағындағы екі мемлекеттің азаматтары туралы мәліметтермен, сондай-ақ заңсыз көші-қон туралы мәліметтермен алмасуға мүмкіндік береді.
Қазір Белаурсьте билік саясатына қарсы «демократия жолындағы күрес» ұранымен митингілердің өтіп жатқанына 4 айдан асты. Оппозиция халықтық ультиматум жариялағанмен, Лукашенко билігі наразыларға қарсы күш қолдануын тоқтатқан жоқ.
9 тамызда Беларусьте президенттік сайлау өтіп, нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы ширек ғасыр билік еткен Александр Лукашенконың жеңісін жариялаған. Оппозиция президент сайлауының ресми қорытындысын мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс ушыға түсті. Азаматтық белсенділер сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайды. Сайлаудан кейін Лукашенконы «айқын жеңісімен» алғашқы боп құттықтаған мемлекеттер қатарында Қазақстан бар.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы