Украинаның Конституциялық соты президент Владимир Зеленскийді пандемия кезінде белгіленген карантин ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпақ.
Украина президенті, оның кеңсесінің басшысы Андрей Ермак және бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Виктор Ляшко 10 маусымда Хмельницкий облысына сапары кезінде карантин талаптарын бұзған.
Зеленскийдің карантиндік шектеулерді бұзғаны туралы іс бастапқыда Хмельницкий қалалық сотына келіп түсті. Бірақ Зеленский мемлекет басшысына қол сұғылмаушылық құқығын пайдаланғандықтан, іс Жоғарғы сотқа жіберілген.
Айта кетейік, әлемде коронавирустың екінші толқыны белең алып, бірқатар мемлекеттер төтенше жағдай енгізе бастады. Карантин шектеулері күшейтілген мемлекеттер қатарында Украина да бар. Қазір мұнда 490 мың дерек тіркеліп, 8 947 адам ажал құшқан.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел