Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустың 568 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Жалпы, елде коронавирустың 117 904 жағдайы ПТР тестімен расталған. 108 387 адам жазылды.
Ресми мәліметке коронавирус жұққан бірақ арнайы комиссия «COVID-тен емес, ілеспе аурудан қайтыс болды» деп шешім шығарған жүздеген адам өлімі енгізілмеген. Қазақстан билігі дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесіне қарамастан коронавирус пневмониясына шалдыққандарды COVID-19 статистикасына қоспай отыр. 1 тамыздан бері 39 115 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, 29 203 адам жазылған, 410 адам қайтыс болған.
10 қарашадағы мәлімет төмендегідей:
Шығыс Қазақстан облысында – 237
Қостанай облысында – 61
Павлодар облысында – 52
Ақмола облысында – 45
астанада– 37
Алматыда – 30
Солтүстік Қазақстан облысында – 30
Батыс Қазақстан облысында – 24
Алматы облысында – 14
Қарағанды облысында – 12
Атырау облысында – 7
Ақтөбе облысында – 7
Жамбыл облысында – 5
Шымкентте – 3
Түркістан облысында – 2
Маңғыстау облысында – 2 жағдай расталды.
Қызылорда облысында ғана бір тәулік ішінде дерек тіркелмеген.