Еуропада коронавирустың екінші толқынына байланысты бірнеше мемлекеттерде шектеу шаралары қатаңдатылды. Бүгіннен бастап Ұлыбританияда желтоқсанға дейін карантин енгізілді.
Бір ай ішінде тұрғындардың үйлерін негізгі тастап шығуына тыйым салынады. Мейрамханалар мен дәмханалар және азық-түлік дүкендерінен бөлек сауда орындарының бәрі жабылады.
Ел премьер-министрі Борис Джонсон енгізген жаңа тәртіпке сай бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынады; көшеде 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Сонымен қатар Британия билігі қоғамдық көліктердің орнына велосипед, электросамокатты пайдалануға және алыс сапарға шықпауға кеңес берді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа нысандар уақытша жабылады.
Үкімет карантин соңына дейін еңбекақысыз қалғандарға жалақыларының 80%-ін төлеуді жалғастырмақ. Егер жағдай түзелсе, локдауннан кейін британиялықтар 25 желтоқсанда тойланатын Католиктердің рождествосын отбасыларымен бірге атап өтпек.
Айта кетейік, Еуропада коронавирустың екінші толқыны күшейе түскен. Вирустың алдын алу мақсатында Франция мен Германияның бірқатар аймақтары оқшаулау режиміне көшсе, Италияда коменданттық сағат енгізілді. Ал Польша, Венгрия сынды мемлекеттер карантин талаптарын күшейтті.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі