Батыстың ықпалды ақпарат құралдары АҚШ-тағы президент сайлауына алдын ада бал ашуға тарысып бағуда. Кейбір ірі ақпарат агенттіктері кезекті сайлауда сайлау қорытындысынан бұрын нәтижесі белгілі болады деп те жатыр. Ресми дауыс беру күні 3 қараша болғанымен, қазірге дейін америкалық дауыс берушілердің жартысы өз дауыстарын алдын-ала беріп қойған. Сауалнама нәтижелері Жоу Байден алда келеді деп көрсетуде, бірақ, төрт жыл бұрын да сауалнамалар Трампты екінші орында көрсеткен, алайда ол Американың 45-ші президенті болған.

Не десек те, дәл осындай тартысты президент сайлауы АҚШ тарихында болған емес. Ресми сайлау күніне 3 күн қалғанда Сайлау комиссиясы 91,6 млн адамның дауыстарын пошта арқылы жібергенін мәлімдеп отыр. Бұл АҚШ-тағы сайлау құқығына ие азаматтардың жартысын түзетін сан. 2016 жылы 136,5 млн адам дауыс беріп, сайлаушылардың 67 пайызын құраған.

Ресми мәлімет бойынша, Техас штатында дауыс беру құқығы бар азаматтардың 90 пайызы дауыс беріп қойды, 36 штатта сайлаушылардың жартысы дауыс беріп болған. Флорида, Жорджия және Солтүстік Каролинада қазан айы аяқталмай жатып бюллетендердің 70 пайызы келіп болған.

Сарапшылар болса, сайлаушылардың бұндай белсенділігі нәтижені Жоу Байденнің жеңісіне шешеді деп қарайды. Ресми сайлаудан 3 күн бұрынғы нәтиже бойынша Байден қарсыласы Трамптан 9 пайыз дауыспен алда келе жатыр деп көрсетті. Дегенмен, Деомократтар сауалнама нәтижесіне сенгісі келмейтіндей, 2016 жылы сауалнама нәтижесі мен сайлаудың қорытынды нәтижесі қарама-қайшы болған еді.

“The Qazaq Times”