АҚШ-тағы президент сайлауға бір аптадан аса уақыт қалды. Қазіргі президент Дональд Трамп пен Домократтардың үміткері Жоу Байден үгіт-насихаи кезеңіндегі соңғы пікірталасын өткізді. Алдынғы пікірсайыстағыдай тараптар бір-біріне есе бермей егерлеспес үшін, бұл рет екі талапкердің де микрофондары белгілі тәртіппен қосылып тұрды.

Кезекті пікірсайыс барысында Трамп пен Байден бір-біріне салқын мәміле танытты, алғашқы тақырыптары індетке қарсы күрес болды. Президент Трамп індет жағдайының тұратана бастағанын, штаттарда вирус жұқтырғандар саны қысқара бастағанын алға тартты. Ол сондай-ақ, коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын болғанын, алдағы аптада жалпы жұртқа жария етілетінін мәлімдеді. Сонымен бірге өзі де індеттен сақайған президент коронавирус жұқтырғандардың 99 пайызы жазылып шығатынын айтты.

Жоу Байден Трампты коронавирустың дағдарысы кезінде лайықты стратегиясы жоқ деп айыптады. Ол әлемдегі вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тың көш бастап тұрғанын алға тарта отырып, Трамп әкімшілігінің індетке қарсы шараларда осалдық қылды деп сынға алды. Байденнің есебінше осы беті кете берсе жыл соңына қарай 200 мың адам вирустан көз жұмбақ екен.

Пікірталастан бұрын АҚШ Барлау қызметі Ресей мен Иранның сайлауға араласуға әрекет етіп жатқаны туралы мәлімет таратқан еді. Жоу Байден АҚШ сайлауына араласпақ болған елдерге қатаң жауап болатынын ескертті. Пікірталастың екінші тақырыбында келесі президенттікке үміткер екеуі ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша да айтысты. Байден Ресей мен Иранды АҚШ-тың егемендігіне қол салып жатыр деп айыптай келе, Мәскеу Трамптың жеңіске жеткенін қалайды деп көрсетті.

Байден мен Трамп та бір-бірін Кремльден ақша алып отыр деп айыптады. «Жоу Ресейден 3,5 млн доллар ақша алды, бұл ақша сөз жоқ Путиннен келді. Сен 35 млн доллар алдың, отбасың 3,5 млн доллар алды, бұл туралы сен бір күні түсінік беріп тұрасың. Бір де бір лидер Ресейге менен қатал позиция жасаған емес», – деді Трамп пікірсайыс кезінде.

 

“The Qazaq Times”