АҚШ Әділет департаментінің қытайлық әскери мамандарды қудалауына байланысты Бейжің билігі Уашингтонға ескерту жасаған. Қытай шенеуніктері түрлі арналар арқылы Қытайдағы америкалықтардың да тұтқындалуы мүмкін екенін ескерткен. Бұндай мәліметті екі күн бұрын АҚШ-тағы ықпалды басылым The Wall Street Journal басылымы жариялаған.
Биыл жазда АҚШ Әділет департаменті америкалық универститеттерге ғылыми зерттеуге барған қытайлық мамандар өздерінің Қытай Халық-азаттық армиясындағы шендерін жасырды деп айыптағап, қамауға ала бастаған болатын.
Аты-жөні аталмаған, бірақ сенімді мәліметке ие деген дерек көздің берген ақпаратына қарағанда, Қытай шенеуніктері жасаған ескерту мәтіні өте қарапайым. Онда "АҚШ соттары қытайлық әскери мамандарды қудалауын тоқтатпаса, Қытайдағы америкалықтар да Қытай "заңын бұзуы мүмкін" екені" айтылады. Аталған басылым хабарында, Қытай тарабынан жасалған ескертуде қытайлық зерттеушілердің тұтқындалуы және Хьюстондағы Қытай консулдығын жабылуы туралы айтылған.
Қытайда шетелдік азаматтардың ұсталуы тосын нәрсе саналмайды. Көп жағдайда Қытай тарабы шетелдік азаматтарды "дипломатиялық кек алу мақсатында" да ұстайды. Америкалық сарапшылар Қытайдың бұл әрекетін "кепілдік дипломатиясы" деп атады. Соңғы бірнеше жылда Қытайда бірқатар америкалық, канадалық және австралиялық азаматтар ұсталды немесе кетуіне рұқсат берілмеді.
Дегенмен, АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл мәселе бойынша Wall Street Journal басылымына жауап беруден бас тартқан. Соның өзінде департаменттің баспасөз өкілі Қытайдағы АҚШ азаматтарына "коммерциялық даулар, соттар шығарған бұйрықтар, қылмыстық және азаматтық мәселелер бойынша үкіметтің тергеуі әкелуі мүмкін екенін" ескерткен.
Бұдан бір ай бұрын АҚШ Мем.департаменті саяхаттау туралы құлақтандыруда азаматтарын ерекше себеп болмаса Қытайға барудан барынша бас тартуға шақырған. Мұндағы келтірілген себептердің бірі - Қытай үкіметі шетелдік азаматтарды қамауға алып, оларды шетелдік үкіметтермен келіссөздер жүргізіп, оларды келісімшарт ретінде қолданады деген себеп көрсеткен.
Бұл жағдай екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың нашарлап, тіпті дипломатиялық қарым-қатынастың үзілуіне жақын тұрғанын көрсетеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді