Сот бұрынғы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қайрат Жұлмұхамбетовты 10 жыл бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды. Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған PolisNews сайты хабарлады.
Міндетін асыра пайдаланған шенеунік қарамағындағы әкімшілендіру басқармасының басшысынан қызметте жоғарылағаны және жалпы қамқорлығы үшін талап етілетін 10 мың доллардан үш мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке іліккен.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіненнің дерегі бойынша, шенеунік міндетін асыра пайдаланып, қарамағындағы қызметкерлерді бопсалау арқылы ақша алған.
Айта кетейік, Қайрат Жұлмұхамбетов 2019 жылы маусымда Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалған. Бұған дейін ол ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің салық салу әдіснамасы департаментінің директоры болған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы