Еуропалық одақ құрамындағы елдер Алексей Навальныйдың улануына байланысты Ресейге санкция енгізу туралы шешімге келді. Бұл туралы Люксембургте өткен Еуроодақ елдері сыртқы министрлер Кеңесінің мәжілісінде хабарланды.
Politico мәліметінше, қатаң қаулы ресейлік бірнеше жеке тұлға мен мекемелерге қарсы қабылданатын болды.
Осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған Германия сыртқы істер министрі: Хайко Маас: «Химиялық қаруға тыйым салу Конвенциясының бұзылғаны анық. Сол себепті тиісті шараларды қолға алу қажет. Сондықтан Франция мен Германия бұл іске қатысты назарымызға іліккен кейбір тұлғаға қарсы санкция қабылдауды ұсынды», – деді.
20 тамыз Томск қаласынан Мәскеуге бет алған оппозиционер саясаткер Алексей Навальный бортта жағдайы нашарлап, ұшақ дереу Омбы қаласына қонуға тура келген. Кейін жедел жәрдеммен оппозиционерді Омбыдағы ауруханаға жеткізген. Кейін Германия Навальныйды Берлиндегі ауруханаға әкету үшін арнайы санавиация жіберген. Бастапқыда Омбы дәрігерлері Навальныйды орнынан қозғауға болмайды деп оны Германияға жіберуден бас тартқан. Кейін омбылық дәрілерлер Навальныйды ауруханадан әкетуге рұқсат беріп, Навальный 22 тамызда Берлинге жеткізілді.
Кейіннен оппозиционердің «Новичок» химиялық қаруынан уланғаны дәлелденген соң, Германия мен Еуроодақ құрамындағы өзге де мемлекеттер Ресейге экономикалық санкция енгізу мәселесін талқылаған.

















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?