Таулы Қарабаққа қатысты әскери жанжал әлі де жалғасып жатыр. Таяуда Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі Таулы Қарабақ айналасындағы елді мекендерді армян әскери күштерінің атқылағанын хабарлады.
Кеше Степанакерттің әр түрлі аудандарында 30-ға жуық зымыран жарылған. Қалада ескерту дабылы үнемі қосылып тұр. Осыған дейін 200-ден аса адам қайтыс болған. Олардың басым бөлігі – бейбіт тұрғындар.
4 қазанда Ильхам Әлиев: «Әзербайжанның бір талабы бар. Яғни, территорияларды босатсын. Таулы Қарабақ – Әзербайжанның аумағы, біз ол жерді қайтаруға міндеттіміз», – деп мәлімдеме жасады. Бірақ Арменияның бұл талапты орындауы екіталай.
Бұған дейін сарапшылар екі ел қақтығысында Түркия мен Ресейдің саяси мүддесі жатқанын айтқан. Осыған байланысты Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Анкараның Бакуді қолдайтынын, бірақ Таулы Қарабақ қақтығысына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.
27 қыркүйекте Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжан қарулы күштері Таулы Қарабақ бағытына шабуыл жасады деп мәлімдеді. Армения Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Әзірбайжан армиясы елді мекендерді, соның ішінде танылмаған республиканың астанасы Степанакертке шабуыл жасаған.
Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі өз тарапынан ел армиясы Арменияның байланыс шебіндегі шабуылына жауап ретінде шаралар қабылдап, жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.
Жағдай ушыққан соң, Арменияда, Әзірбайжанда және танылмаған Таулы Қарабақ Республикасында әскери жағдай енгізілді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел