Биыл қыркүйекте әлемнің 26 елінде құс тұмауының 429 ошағы тіркелген. Оның ішінде көршілес Ресейде аурудың 28 ошағы анықталып, Қазақстан тарапынан Челябинск, Омбы облыстарына құс тұмауына қатысты тасымалдау уақытша тоқтатылды.
Бұл туралы бейсенбі күнгі брифингте мәлімдеме жасаған Ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті басшысының міндетін атқарушы Тұрсын Қапдолдановтың дерегі бойынша, құс тұмауы расталған 48 елді мекенде карантин шаралары енгізілген. Тұрсын Қапдолданов сөзінде: «Осы уақытқа дейін қосымша 699 мың доза алдық. 2 қазанда бір миллионнан астам дәрі келеді. Барлығын қосқанда 7 милион 700 мың дәрі-дәрмек қолданысқа берілді», – деп атап өтті.
Ресми мәлімет бойынша, Республикада жалпы саны 588 мың құс қырылған. Оның 329651-і құс тұмауынан қырылған. Ресми дерек бойынша құс тұмауы таралған облыстар қатарында Ақмола облысының 5 ауданы, Павлодар облысының 4 ауданы, Жамбыл облысының бір ауданы, Қостанай облысының 3 ауданы, Солтүстік Қазақстан облысының 11 ауданы, Қарағанды облысының бір ауданы бар.
Ал Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында ешқандай дерек тіркелген жоқ.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы