Жапон ақпарат құралдарының жексенбіде тараған дерегіне қарағанда, Қытай сыртқы істер министрі Ван И қазан айының басында Токиоға ресми іс-сапармен барып, Жапонияның сыртқы істер министрі Мотегимен кездесуі мүмкін. Сонымен қатар, Жапонияның жаңа премьер-министрі Сугамен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл 16 қыркүйекте Суга қызметке кіріскен кезінен бастап Қытай басшыларымен жасасқан алғашқы келіссөздерінің бірі.
Өткен жұмада Суга мен Қытай төрағасы Ши Жинпиң телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты келіссөздер және халықаралық мәселелер бойынша келісімге келді.
Kyodo News-тің хабарлауынша, Суга Иошихиде Ши Жинпиңмен тілдесу барысында «Жапония-Қытай қатынастарының тұрақтылығы аймақ пен халықаралық қоғамдастық үшін өте маңызды» деген. Хабарламада Қытай кемелерінің Сенкаку маңында жүзуіне рұқсат беру жағын қарастырылатыны айтылған.
Қытайлық Синьхуа жаңалықтар агенттігі 25-күні Ши Жинпиң Жапонияның жаңа үкіметімен саяси өзара сенімді арттыруға дайын екенін, сондай-ақ Қытай төрағасы Жапонияға келесі жылы Олимпиада ойындарын өткізуге қолдау білдірді. Алайда екі басшысы кейінге қалдырылған Ши Жинпиңнің Жапонияға сапарын талқыламаған.
Екі ел де Сенкаку аралдарының егемендігін талап етеді және бұл үшін бұрыннан бері ортақ шешімге келе алмаған. Жапония осы жылдың маусым айында Сенкаку аралдарының әкімшілік округін «Тонноджо Сенкаку» деп өзгерту туралы қарар қабылдады. Бейжің тарапы аталған құжатты Қытайдың аймақтық егемендігіне жасалған үлкен арандатушылық, заңсыз және жарамсыз деп танып, аралды өзіне тиесілі деп мәлімдеген еді.
Жапония ҚХР басшылығының жуырда Шығыс Қытай теңізіндегі даулы аралдар маңындағы әскери қимылын күшейткеніне алаңдайды және Қытайдан мұндай әскери арандатушылықты тоқтатуды талап етеді.
Жапон үкіметі Қытай кемелері Күншығыс елінің бақылауындағы аралдар маңының су алабына бірнеше рет кірді деп айыптайды. Жапонияның қорғаныс министрі Таро Коно 4 тамызда Қытай кемелері Сенкаку аралдарының айналасында өз қызметін күшейте берсе, жапондық қорғаныс күштері шара қолданытынын ескерткен.
Ал Қытай тарапы Сенкаку (Дяоюйдау) аралдары өз территориясы екенін алға тартып әрі өзін бұл жерде құқық қорғау қызметімен айналысуға құқылы деп санайды.