Біріккен ұлттар ұйымы одан әрі дамуы үшін реформаларды қажет етеді және бұл мәселеде Германия көмектесуге дайын. Ұйымның 75 жылдығына орай БҰҰ Бас ассамблеясының (GA) салтанатты жиналысында канцлер Ангела Меркель осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Deutche Welle сайты.
Сонымен қатар Германия ұйымдағы жауапкершілікті мойнына алып, ауқымды мәселелерді реттеу үші БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кеңейтілген құрамдас бөлігі ретінде қатысуға дайын.
Меркель сөзінде: «Жаһандық сын-қатерлер келісім мен ынтымақтастықты қажет етеді. Өкініштісі, маңызды шешімдер қабылдау қажет болған кезде Қауіпсіздік Кеңесі жұмыс істемейді. Ұйымға және бізге реформалар қажет. БҰҰ ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатерлеріне жауап беру үшін одан әрі дамуы керек. Германия бұрынғыдай кеңейтілген қауіпсіздік кеңесіне қатысуға дайын», – деді.
БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті жиыны онлайн форматта өткізіліп жатыр. Халықаралық жиында Үндістан премьер-министрі БҰҰ-ны реформалау туралы ұсыныс білдірсе, Ресей СІМ Сергей Лавров қаруды бақылау жүйесін ннығайтуды ұсынды.
Ал Канада премьер-министрі Джастин Трюдо БҰҰ-ны әлемді ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан күрделі дағдарыстан алып шығу керек деген ұсыныс айтты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел