1 тамыздан бастап Қазақстан Үкіметі жаңартылған форматтағы статистиканы қолға алып, 256 мың пневмония дерегін ескерместен жаңадан есептеуді бастаған.

40 күнге тарта мерзімде коронавирус пневмониясына шалдыққан 28 228 адамның небәрі 6546-сы ғана айыққан. КВИ- немесе U07.2 кодымен белгіленетін дертке шалдыққандардың жазылуы баяулады. Министрлік мұның себебін, науқастардың ахуалы мен емдеу әдісінің тиімділігі туралы жақ ашпай келеді.

Күні кеше, 8 қыркүйек елде 450 адамнан коронавирус пневмониясы анықталып, бір науқас қайтыс болған. Қайтқандардың жалпы жиыны – 316.

Аймақтар

1 тамыз-7 қыркүйек

ШҚО

3 690
Астана

3 212

Қостанай облысы

2 748
Алматы қ.

2 612

Қарағанды облысы

1 965
Павлодар облысы

1 715

Жамбыл облысы

1 669
Алматы облысы

1 393

Атырау облысы

1 346
Түркістан облысы

1 223

Ақтөбе облысы

1 037
СҚО

1 000

Қызылорда облысы

897
БҚО

892

Ақмола облысы

866
Маңғыстау облысы

857

Шымкент

639
Республика бойынша

27 762

Қазақстан коронавирус пневмониясын көптеген елдердің үлгісінен басқаша, яғни коронавирустан бөлек есептеп келеді. Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов бұған «калькулятордың көмегімен есептеуге» кеңес береді. ДенМин коронавирус пневмониясы туралы ақпаратқа келгенде жабық. Коронавирус сияқты күнде аймақтық бөлінісі, науқастардың жасы мен жынысы, денсаулық жағдайы, қайтыс болғандардың әлеуметтік сипаты тұрақты түрде жарияланбайды. Жоғарыда көрсетілген кестені редакция атынан бір ай бойы сұрау салып жүріп алғамыз. Әйтпесе, ведомство басшысы Алексей Цой 3 тамыз күнінде-ақ аталған ақпараттарды жүйелеп, апта сайын ДенМин ресурстарында жариялауға уәде берген.

"The Qazaq Times"