Сүриядағы жағдай күн өткен сайын ушығып бара жатқаны белгілі. Бірақ бұл соғыстың зардабын қарапайым халық тартып жатыр.
Әсіресе жас сәбилер жарық дүниеге келе салып көргендері соғыс, ашаршылық, жарылыстар мен өлім болып отыр.
Күні кеше болған Сүриядағы химиялық қарудың жарылысынан 27 баланың өмірі қыршынынан қиылды.
Бүгінде шайқас алаңында қалған 6 миллион бала гуманитарлық көмекке зәру.
Ал бұл көрсеткіш 5 жыл бұрынғыға қарағанда 12 есеге өскен.
Сонымен қатар, Сүрияның соғыс ошақтары басылмай тұрған аудандарындағы 2 миллион бала оқудан қол үзіп қалды.
Егер оларға білім алуға мүмкіндік берілмесе, олар "жоғалған ұрпақ" болып қалмақ.
“The Qazaq Times”