Берлин ауруханасында ес-түссіз жатқан ресейлік оппозициялық бағыттағы саясаткер Алексей Навальныйдың бойынан неміс дәрігерлері әскери "Новичок" уы табылғанын мәлімдеді.
Навальный денесінен новичоктың табылғаны туралы Еуроодақ, НАТО және Химиялық қарумен күрес ұйымына хабарланған. Германия СІМ Ресей елшісін шақыратынын мәлімдеді.
Батыс елдері бірігіп Ресейге қарсы шара қолдану мәселесін қарастырып бастады. Өткен тәулікте Германия канцлері Меркель "Ресей үкіметі ғана жауап бере алатын сұрақтарымыз бар" деді. Сонымен қатар, Навальныйға жасалған қылмыс адамзаттың құндылықтары мен құқыққа қарсы деді ол.
Франция, Үлыбритания, Италия, Канада т.б елдерде Кремльді оқиғаны ашық зерттеуге шақырып, оған келіспесе бірігіп шара қабылдаймыз деп ескерту жасады.
Еуропалық дипломат Жозеп Боррель Навальныйға қастандық жасалғанына байланысты пікір білдіріп, кез келген адамға химиялық қару қолдану халықаралық заңға қайшы қылмыс деді.
АҚШ тарабы да саясаткерге у беруге байланысты Кремльді айыптады және Конгресс Трамп әкімшілігін Ресейді санкциялауға шақырды. НАТО саясаткердің улану ісін Ресей ашық зерттеуі тиіс деді.
Ресейге қарсы айыптаулардың көбеюнің басты себебі: Неміс үкіметі әскери зертханада жүргізілген зеріттеуде саясаткер ағзасынан табылған удың "Новичок" тобына жататын химиялық қарыу болып шығыуы.