Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулығының нашарлауына байланысты отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Абэнің өзі бұл туралы бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де өтетін арнайы баспасөз конференциясында жарияламақ.
ВВС агенттігінің мәліметінше, Абе басқарушы блокқа отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтқан.
Отставкадан кейін елдегі билеуші Либерал-демократиялық партия (LDP) Парламентте жаңа премьер-министрдің кандидатурасын мақұлдауы керек. Қазіргі уақытта LDP және оның одақтастарының көпшілігі ұлттық Парламенттің екі палатасында да бар, бұл жаңа Үкімет басшысының кандидатурасын оппозицияға ешқандай кедергі келтірместен бекітуге мүмкіндік береді.
Соңғы екі аптада Жапония премьер-министрінің денсаулығы нашарлаған. Тамыздың басында жапондық Flash апталығында 6 шілдеде Абэ өзінің жұмыс кабинетінде қан құсып, ауыр жағдайда болғаны айтылды. Ал Абэнің өзі журналистерге өзін жақсы сезінетінін айтқан.
2007 жылы жапон министрлер кабинетінің басшысы ішек ауруына байланысты отставкаға кеткен болатын.
Синдзо Абэ – Жапония тарихындағы Үкімет басшысы ретінде қызмет ету ұзақтығы бойынша рекорд орнатқан министр. Ол 2012 жылдың желтоқсанында екінші рет сайланғаннан кейін, 2 799 күн бойы үздіксіз басқарады. 2019 жылы қарашада Абэ Жапонияның премьер-министрі ретінде қызмет ету ұзақтығы бойынша ел тарихында бірінші орынға ие болды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр