Өткен күні Қазақстанда 173 адамнан коронавирус табылып, зертханада талдауымен расталған. Клиникасы коронавирусқа ұқсас пневмонияның статистикасын жариялаудағы кемшіліктер байқалады.
Оның 98-інен ауру белгілері байқалса, 75-і жеңіл формадағы науқастар.
ДенМин ұсынған дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар саны 105 075-ке жеткен. Олар:
- Алматы қаласында - 14129(+21)
- Астанада – 13763(+16),
- Атырау облысында –10862(+17),
- Қарағанды облысында – 9997(+19),
- Шығыс Қазақстан облысында – 8064(+27),
- Батыс Қазақстан облысында – 6712(+11),
- Шымкент қаласында –5169(+2),
- Алматы облысында – 4883(+4),
- Жамбыл облысында – 4066(+3),
- Солтүстік Қазақстан облысында – 3883(+11),
- Павлодар облысында – 3797(+6),
- Қостанай облысында – 3365(+9),
- Маңғыстау облысында – 3327(+5),
- Ақмола облысында – 3350(+7),
- Қызылорда облысында –3229(+1)
- Түркістан облысында – 3272(+10),
- Ақтөбе облысында –3207(+4).
Бұдан өзге сейсенбі (25 тамыз) күні жалпы статистикаға кіретін коронавирустың пневмониялық түріне 781 адамның шалдыққаны анықталып, 7 өлім жағдайы тіркеліпті. Өкінішке қарай, Алексей Цойдың сөз бергеніне қарамастан ДенМин пневмонияның аймақтық көрсеткішін жариялауды жолға қоя алмай келеді. Сонымен қоса, осы аптаның дүйсенбі және сейсенбі күндері тіркелген кейстер санында ондаған (43) есе айырмашылық бар. Мұндай аса үлкен айырмашылық бірінші рет емес, бұған дейін бірнеше рет болған. Әдетте сенбі-жексенбі күндері көрсеткіш әртүрлі факторлардың әсерінен азайып, апта басында көбеюші еді. Бұл жолы керісінше, екінші күні жарияланған дүйсенбідегі дерек пен бүгін хабарланған сейсенбідегі санақтың айырмасы айтарлықтай үлкен. Қазақстан көктемде енгізілген ТЖ режимінің ортасынан бастап әр күні ертеңгілік өткен тәуліктің көрсеткішін жариялауға көшкен. Дәл кешегі күні коронавирустан 585, ал ковидтік пневмониядан 351 адам емделіп шыққан екен.