2021 жылы Қазақстанда 86 млн тонна мұнай өндірілмек. Ал 2025 жылға қарай Үкімет бұл көрсеткішті 100,7 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Сейсенбі, 25 тамыз күні өткен Үкімет отырысында ұлтық экономика министрі Руслан Дәленов 2021-2025 ж.ж. аралығына арналған әлеуметтік-экономикалық болжамын бөлісті:
«Негізгі көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер күтілуде. Өңдеу өнеркәсібі (жылына орта есеппен 6,7%) тау-кен саласына (2,9%) қарағанда жылдамырақ өседі. Орташа жылдық өсім қарқыны ауыл шаруашылығында 6,2 пайыз және саудада 5,5% болады», – деді министр.
Дәленовтің мәліметінше, тауарлардың экспортын 2021 жылы 51,5 млрд АҚШ долларына дейін артып, 2025 жылы 41,4 млрд долларға жеткізу жоспарланған. Сонымен қоса, импорт айналымы ендігі жылы 36,3 млрд доллардан 2025 жылы 37,8 млрд долларға артады.
Осыған дейін энергетика министрі Нұрлан Ноғаев биылғы жеті айда (қаңтар-шілде) өндірілген мұнай мен конденсат өндірісі 51,5 млн тоннаға жеткенін хабарлаған. 2019 жылы осы уақыт аралығымен салыстырғанда 1,4%-ға төмен. Биыл мұнай экспорты 42 млн тонна болған.