Коронавирус пандемиясы кемінде екі жылдың ішінде аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус хабарлады.
Бұған дейін ДДСҰ коронавирустың мутацияға ұшырауын анықтайтын арнайы жұмыс тобын құрған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, вирусқа жаппай вакцинациялау тосқауыл болады.
ДДСҰ сарапшысы Мария Ван Керкхове: «Инфекцияның жас ерекшелігіне байланысты таралуын анықтайтын зерттеулер жүргізілді. Мысалы, 5 пен 10 жасқа дейін және жеткіншектер мен орта жастағы адамдар тексерілді. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Нәтижесінде вирус адамдардың жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі таралатын көрінеді», – дейді.
1918 жылы әлемді жайлаған испан тұмауы екі жылдан кейін саябырлай бастаған. Дәл осы мысалды негізге алған ДДСҰ коронавирустың таралу мерзімі де осындай шамада болады дейді.
Дәл қазір әлемде COVID-19 коронавирусын 23,1 миллион адам жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 803 мыңнан асты. Осы айда ДДСҰ-ның пандемияға байланысты төтенше жағдай жариялағанына жарты жыл толды. Ұйым өкілдерінің зерттеуінше, «COVID-19 әлемдегі ең қиын төтенше жағдай».


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел