АҚШ пен Польша 15 тамыз Варшавада «Кеңейтілген қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге» (EDCA) қол қойды. Бұл АҚШ-тың Польша жерінде қосымша әскери күштерін орналастыруға мүмкіндік береді.
Келісімге АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео мен Польшаның қорғаныс министрі Мариуш Башшак қол қойды. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде: «АҚШ Польшамен берік екіжақты қарым-қатынасты бағалайды. Біз Польшаның екі ел президенттері Трамп пен Дуда қарастырған кеңейтілген қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін EDCA-ны тез арада мақұлдауын күтеміз», - деген.
Бұл келісім НАТО-ның қолданыстағы күштері туралы келісім мәртебесіне қосымша болып табылады, ол сонымен бірге АҚШ әскерлеріне Польшаға көбірек әскери қондырғыларды енгізуге мүмкіндік береді. Өткен жылы екі ел арасында қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, қазіргі уақытта Польшада АҚШ-тың 4500-ге жуық әскері бар. Жаңа келісім АҚШ-тың Польшадағы әскери күштерін 5500-ге дейін көбейтуге жолашады.
Помпео келісімкезінде Беларусь жағдайы туралы да пікір білдірген. Ол Құрама Штаттардың Беларусь жағдайын назардан тыс қалдырмайтынын ашық айтты. АҚШ пен Польша арасындағы жаңа келісім Құрама Штаттардың Шығыс Еуропадағы әскери-саяси белсенділігін арттырады. Оған қоса көптеген мүмкіндіктер жаратады. Бұл Ресей және оның одақтасы саналатын Беларусь үшін үлкен қысым болмақ.