Америка мен Канада мамандары коронавирусты сәулелі терапиямен емдеуді ұсынды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Зерттеушілердің пікірінше, сәулелі терапияны қолдану коронавирустан болатын өлім жағдайларын 20%-ға дейін төмендетуі мүмкін. Ал төмен дозада радиацияны қолдану аурудың токсикологиялық әсерлерін жояды.
Аталған әдіс вирус жұқтырған он пациентке қолданылып, сынақтан өткен. Тәжірибелік емдеуден кейін науқастар үш күнде жазылып шыққан. Әдетте, коронавирустан кем дегенде 12 күнде сауығады. Зерттеу авторлары сәулелі терапияның кері әсері болмағанын хабарлады.
Әлемде COVID-19 коронавирусын 20,7 миллион адам жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 750 мыңнан асты. 13 миллионға жуық адам жазылды. Ошағы Қытайдың Хубэй провинциясынан тараған бұл вирусты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «пандемия» деп жариялаған.