Бүгін Қазақстанда және күллі әлем мұсылмандары үшін үш күнге созылатын Құрбан айт мерекесі басталды. Бұл арнайы құрбан шалынатын және қажылықтың аяқталғанын білдіретін мейрам. Ораза айт мейрамынан кейін  70 күн өткенде атап өтіледі. 

Ендеше Қазақстанның  мұсылмандар қауымын қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймыз. Адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейтін, халық арасында мейірімділік пен сүйіспеншілік ұялататын, адамгершілік құндылықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға жетелейтін айтулы мерекеде тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман, бауырымыз бүтін болып, тәуелсіз елдің шырағы сөнбесін!

Бүкіл әлемді жайлаған індеттің құтылып, басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!

"The Qazaq Times"