АҚШ қанатты зымырандарымен Сүрия үкіметінің әскери базасына шабуыл жасады деп хабарлайды NBC News телеарнасы.
Ақпарат көздерінің мәліметтеріне сәйкес АҚШ Жерорта теңізінен 50 шақты "Томагавк" соғыс зымырандарын ұшырған.
Шабуыл Хомса ауданындағы әскери базаға жасалған болатын. Телеарнаның хабарлауынша, АҚШ тарапы осы аймақта тағы бір химиялық қарумен шабуылға дайындық болып жатқанын мәлімдеген және соның алдын алу үшін осындай әрекетке барғандығын айтуда.
Жойқын жарылыс салдарынан Хомса ауданынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Шайрат әуебазасына қатты зақым келген.
“The Qazaq Times”