Франция үкіметі Huawei құрылғыларын 5G мобильді желілерінен шеттетуді жоспарлап отыр.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, француздық киберқауіпсіздік агенттігі (ANSSI) Францияның ірі қалаларындағы байланыс операторларына Huawei құрылғысын қолдануға болатынын, бірақ келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін жалғасты лицензия берілмейтінін мәлімдеді.
Huawei құрылғыларына Франция үкіметінің лицензиясы үш-бес жылға дейін, ал Еуропалық Ericsson, Nokia компанияларына арналған лицензия сегіз жылға жарамды. Бұл Франция үкіметінің Huawei құрылғсын біртіндеп тоқтатып, 2028 жылға қарай барлық Huawei құрылғысын француз 5G желісінен шығаруды жоспарлаған.
Bouygues Telecom және Altice Europe SFR компаниялары қолданыстағы 4G желілеріне Huawei құрылғыларын қолданғанын және 5G желілік құрылғысының лицензиясында қолданыстағы ұялы желілері қамтылған деп мәлімдеді. Бұл екі француздық компания Huawei-дан бас тартса, 4G желісінің инфрақұрылымын ауыстыруы керек дегенді білдіреді. Екі компания Huawei құрылғысын ауыстрған жағдайда үкімет өтемақы төлеуі керек деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Францияның басқа компаниялары негізінен Ericsson және Nokia компанияларының байланыс құралдарын пайдаланады. Француздық киберқауіпсіздік агенттігі компанияларға Huawei жабдығына ауысудан аулақ болу керек деді. Себебі 5G мобильді технологиясына инвестициядан қайтарым пайда алу үшін кем дегенде сегіз жыл қажет, ал «үш жылдық келісім тікелей бас тартқанмен бірдей» деді.
Reuters Францияның киберқауіпсіздік агенттігінің шешімі әлі көпшілікке жария болмағанын. Францияның премьер-министрі кеңсесінің 5G-ға жауапты өкілі ANSSI агенттігі телекоммуникация операторларымен заң аясында жұмыс істеп жатқанын және осы уақытқа дейін мақұлданған кез-келген лицензия болашақта лицензияның жаңартуға немесе қызметін тоқтату туралы шешімдерге әсер етпейтінін айтты.