АҚШ билігі Хьюстондағы Қытай елшілігін жабуды талап етті және бұл үшін 72 сағат уақыт берді. Осының алдында ғана АҚШ қытайлық хакерлер коронавирусқа қарсы вакцина туралы мәліметтерді ұрламақ болды деп айыптаған еді.
Америка билігінің айтуынша қытайлық екі азамат ғылыми зерттеу орталықтарының мәліметтеріне хакерлік шабуыл жасаған. Олар Қытай билігінің қолдауына сүйенген деген де мәлімет ұсынды.
Қытай тарабы өз кезегінде АҚШ-тың бұл қадамын қатаң айыптады. Қытай СІМ мәлімдемешісі АҚШ-тың консулдықты жабу талабы орынсыз деп білдірді. Алайда, АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл қадам "америкалық меншік құқығын қорғау мақсатында" жасалып жатқанын алға тартты.
72 сағат ішінде жабылуға тиіс Қытай консулдығы ғимаратында түтін будақтаған. Америкалық басылымдар Қытай консулдығы маңызды құжаттарды өртеп жатқанын жазды. Ғимараттан шыққан түтін алыстан көрініп тұрған. Тіпті, өрт сөндіру жедел қызметі де ғимарат алдына келген. Бірақ, Қытай елшілігі олардың ғимаратқа кіруіне рұқсат бермеген.
Соңғы бірнеше аптада, Помпео бастап Қытай үкіметіне саяси қысымды арттырып жатыр. Ол Батыс елдерінің Қытайға қарсы коалиция құруы туралы да ашық айтып келеді.