Біріккен Араб Әмірліктері Марсқа алғашқы зымыранын ұшырды.
«Әл-амал»(«үміт») атты ғарыш кемесі Жапонияның Танегашима ғарыш орталығынан бүгін таңғы сағат 6: 58-де ұшырылды. Марсқа жол тартқан бұл әуе кемесі кеңістікте 7 ай уақыт ұшады.
Негізінде ел билігі зымыранды 14 шілдеде ұшыруды жоспарлаған, алайда ауа-райының туындатқан қолайсыздығына байланысты екі мәрте кейінге шегерілді.
Ғарыш кемесінің Марсты зерттеу бойынша 8 миссиясы бар: олардың кейбіреулері Марс орбитасында болса, басқалары Марстың бетіне қоналы. Осы жылы Марсқа зымыран ұшыруды АҚШ пен Қытай да жоспарлап отыр.
БАӘ Ғылым министрі Сара Амиридің айтуынша, Марсқа арналған жоба құны – 200 миллион доллар. Жоба мақсаты – алғаш рет Марс атмосферасының толық бейнесін көрсету. Сонымен қатар күнделікті және маусымдық өзгерістерін зерттеу.
БАӘ алғаш рет 2014 жылы осы жобаны таныстырған болатын. Ал ғарыш саласын дамыту үшін 2017 жылы ұлттық ғарыш бағдарламасын бастады.
2117 жылға дейін БАӘ тұрғындарының Марсқа қоныс аудару жоспары бар. Өткен жылдың қыркүйегінде Хазза Мансури Халықаралық ғарыш станциясына ұшып, ғарышқа ұшқан алғашқы араб болды.
«Әл-амал» зымыранын жасау және құрастыру үшін Дубайдағы Мұхаммед Бин Рашид ғарыш орталығы (MBRSC) америкалық оқу орындарымен ынтымақтастық келісім жасасты. Дубайдағы MBRSC ғарыш орталығы ұшырлған «Әл-амал» змранын қашықтықтан басқарады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі