Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы таратқан мәліметке қарағанда, 24 сағат ішінде індет жұқтырған 260 мың жаңа жағдай тіркелген. Бұл қазірге дейінгі рекордтық көрсеткіштің бәрін жаңалады. Өкінішке орай, әлем бойынша індеттен 600 мыңнан астам адам көз жұмды. Оның төрттен бірі АҚШ-та.
Соған қарамастан, президент Трамп қаза болу көрсеткіші Құрама Штатарда ең төмен деп сұхбат берді. Ол Fox News арнасына берген сұхбатында, жоғарыдағы мәліметті жариялаған Жон Хопкинс Университетінің мәліметіне сенбейтінін айтқан. Аталған университеттің мәліметінше, індет тарала бастағаннан тартып қазірге дейін 14, 3 млн адамға жұққан. Ең қарқынды тарап жатқан елдер АҚШ, Бразилия, Үндістан және Оңтүстік Африка.
Ал, ДДҰ мәліметінде Covid-19 вирусынан соңғы тәуліке 7360 адам көз жұмған. Бұл мамырдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қазір Батыс Еуропа елдері індеттің қайта таралуын тоқтатуға қам қылып жатыр. Соған қарамастан, бизнесті жандандыру үшін шекраларда ашылмақ. Ал, шетелдік ақпарат құралдары Еуропа Одағы алға қойған дағдарысты еңсеру жоспарларының еш нәтижесі болмай жатқанын жазуда.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы