Гонконгте коронавирус жұқтырғандар саны артты. Соңғы бір тәулікте елде COVID-19 жұқтырған жүзден аса адам анықталған.
Індеттің таралуын тежеу жергілікті билік 180 мың мемлекеттік қызметкерді қашықтан жұмыс істеуге жіберді. Өткен үш аптада Гонконгтегі эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақталып қалған еді. Алайда 16 шілдеде ауру қайта өршіп, науқастар саны күрт көбейді.
Қазір шаһардағы Диснейленд саябағы жабылып, спортзалдар, бассейн, барлар, түнгі клубтар мен кинотеатрлар жұмысын уақытша тоқтатты. Көшеде 4 адамнан артық, топтасып жүруге болмайды.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирусы 14,2 миллионнан астам адамға жұқты. Қайтыс болғандар 601 мыңнан асты. 8 миллионға жуық адам жазылды. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты «пандемия» деп жариялаған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні