Бүгін Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тестілеуден бір күнде тек 6,5 мың студент өтеді. Министрліктің мәлімдеуінше бұл ең аз санды лектің бірі.
Жалпы саны 161 ҰБТ өткізу пунктінің алғашқы лекте тек 51-і ғана сынақ тапсырушыларды қабылдайды. Оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Әр пунктіге орта есеппен небәрі 120 түлектен келеді.
21 маусым мен 5 шілде аралығында өтетін тестілеуден бітірушілер 15 лекке бөлініп өтеді. Елдегі коронавирус індетінің таралуына байланысты тест тапсыру пункттерінде санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданады деп мәлімдеді министрлік.
Сонымен қатар,биылғы бірыңғай тестілеуде түлектерге біршама жеңілдік жасалынған. Атап айтқанда, түлектерге калькулятор қолдануға, сынама тесттерге тегін қол жеткізуге мүмкіндік бар. Тест тапсыру уақыты 4 сағатқа дейін ұзартылған. Бұған қоса, оқушылар мемлекеттік емтихандардан да босатылған. Министрлік бұл жеңілдіктерді биылғы тест сұрақтары қиындағандықтан енгіздік деп отыр.
ҰБТ Қазақстанда 2004 жылдан бері мектеп бітірушілердің білімін бағалайтын сынақ ретінде қолданылып келеді. Осы жылдарда ұлттық тестілеудің ешқандай инцидентсіз өткен кезі болмаған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті