Бүгін таңертең Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында қақтығыс шығып, бес адам пышақталды деген бейресми ақпарат тарады.
Бейресми ақпараттар бойынша, екі күн бұрын қазақ-ұйғыр жастары арасында жанжал туып, төбелескен. Салдарынан бес адам пышақталған. Оның үшеуі қазақ, екеуі ұйғыр азаматы. Осы мәселеге байланысты ауыл жастары Жастар әкімшілігіне жиналған. Қазіргі уақытта облыс әкімі Шонжыда жиналыс өткізіп жатыр. Жиналыста аудан атауын өзгерту ұсынылған. Аталған мәселені зерттеу мақсатында тілшіміз оқиға орын алған жерге жөнелтілді. Толық, расталған ақпаратты алдағы уақытта сайтымыздан оқи аласыздар.
9 маусымда сайтымызда Ұйғыр ауданындағы мәселе бойынша Алматы облысының әкім Амандық Баталовтың назарына арнайы материал жарияланған болатын. Материалда Ұйғыр ауданына қарасты Ақтам және Тиірмен ауылдарындағы ұлтаралық татулыққа жік түсіруі мүмкін жайттар турасында баян етілді. Соның негізінде аудан көлемінде идеология, жастар тәрбиесі, жастарды отансүйгіштікке баулу істерінің ақсап тұрғанын ескертіп, ұлтаралық араздық тудыруы мүмкін ықтимал қатерлер жөнінде облыс әкімінің назар аударуын талап еткен едік. Кейіннен облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат Жүкел редакциямызға Ұйғыр ауданындағы мәселе бойынша облыс тарабының ресми жауабын берді.
Ресми хатта: «Ұйғыр ауданындағы мәселеге қатысты облыстық комиссия құрылып, өңірде жұмыс жүргізді. Нәтижесінде Ақтам орта мектебінің директоры Измахунов Октябрь Турганович, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапсаламов Мұқаметқали лауазымдарынан босатылды. Сонымен бірге аталмыш мектептің биология пәнінің мұғалімі Кахарова Түрдибуви де қызметінен босатылды. Бұдан бөлек Ақтам ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер- нұсқаушысы Камаев Сабиржан Суняцунович және Тиірмен ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер- нұсқаушысы Якярова Умида қызметінен босатылды», – делінген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы