Қытай авиатасымалдаушыларының АҚШ-қа ұшуына 16 маусымнан бастап тыйым салынады.
АҚШ транспорт министрлігінің хабарлауынша, Қытай тараптар арасындағы келісімді бұзған. Сонымен қатар америкалық Delta және United Airlines әуе компанияларына Қытай коронавирус кезінде елге кіруге рұқсат бермеген. Бейжің аталған компаниялардың 1 маусымнан бастап ұшу жөнінде өтінішін де кері қайтарған. Сол себепті қос компания Ақ үйге шағымын жеткізген.
Ресми Уашингтон Қытай жолаушылар авиакомпанияларының чартерлік рейстеріне де шектеу енгізді. АҚШ-тағы Қытай елшілігі бұл шешім жөнінде мәлімдеме жасаған жоқ.
Қазір Құрама штаттарына қатынауға 6 қытайлық әуе компаниясының рұқсаты бар. Олар вирус өршіген кезде өздерінің отандастарын Қытайға қайтарып үлгерген. Бұған дейін яғни ақпанда бірқатар америкалық әуе компаниялары Қытайға ұшатын пассажирлік рейстерді тоқтатқан болатын. United Airlines басшылығы Американың Қытайға енгізген шектеулерін қолдайтынын жеткізді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау