ІІМ-нің мәліметіне қарағанда, елімізде карантин кезінде қылмыс 26%-ға төмендеген көрінеді.
Еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзін-өзі оқшаулау және шектеу тәртібі кезеңінде қабылданған шаралардың арқасында елдегі қылмыс 26%-ға төмендегенін хабарлады. Полиция мен ІІМ-нің басқа да күштері мұндай ерекше режимде алғаш рет жұмыс істеді.
"Тәулік бойы жұмыс режимі, бірқатар жағдайларда дала жағдайларымен казармалық жағдайы, үй мен отбасынан алшақтығы, кейде жекелеген азаматтардың түсінбеуі мен қарсыласуы үлкен психологиялық және физикалық жүктемелер тудырды. Бірақ біздің қызметкерлеріміз барлық 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындай отырып, қызмет өткеруді жалғастырды", – деді Ерлан Тұрғымбаев.
Министрдің бұйрығымен блок-бекетте коронавирустық инфекциямен күрес шараларына тікелей қатысып, ерекше көзге түскен полицейлер қызметтік міндеттерін адал орындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстанда карантин 78 күнге созылды. Осы кезеңде елде 400-ге жуық блок-бекет жұмыс істеді, оған 6 мыңға жуық ІІО қызметкерлері қатысты. Барлық кезеңде блок-бекеттерде 3,2 млннан астам көлік құралдары және 5 млн жолаушы тексерілді.
"Елді мекендер арасындағы блок-бекеттер алынып тасталады. Бірақ бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Азаматтарға санитарлық талаптармен сақтық шараларын қатаң сақтау керек", – деді ІІМ басшысы.
2020 жылғы қаңтар-наурызда қылмыстық құқық бұзушылықтар түрлері бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны*
бірлік
| Аймақ | Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар | Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан | ||||
| қасақана кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу | қарақшылық | тонаулар | ұрлықтар | экономика саласындағы қылмыстар | ||
| Қазақстан Республикасы | 54 990 | 280 | 102 | 1 109 | 23 670 | 549 |
| Ақмола | 2 456 | 19 | 7 | 45 | 968 | 11 |
| Ақтөбе | 2 435 | 14 | 3 | 41 | 1 125 | 27 |
| Алматы | 4 946 | 23 | 8 | 60 | 2 068 | 39 |
| Атырау | 1 776 | 6 | 5 | 41 | 617 | 16 |
| Батыс Қазақстан | 2 229 | 5 | 3 | 53 | 848 | 17 |
| Жамбыл | 2 001 | 32 | 4 | 50 | 792 | 30 |
| Қарағанды | 3 721 | 36 | 5 | 102 | 1 789 | 35 |
| Қостанай | 2 901 | 18 | 4 | 62 | 1 180 | 32 |
| Қызылорда | 1 531 | 6 | 2 | 23 | 577 | 16 |
| Маңғыстау | 1 302 | 6 | 9 | 19 | 345 | 17 |
| Павлодар | 1 802 | 27 | 6 | 41 | 618 | 18 |
| Солтүстік Қазақстан | 1 599 | 8 | 1 | 25 | 617 | 8 |
| Түркістан | 2 325 | 10 | 4 | 30 | 721 | 12 |
| Шығыс Қазақстан | 4 693 | 22 | 2 | 91 | 1 980 | 34 |
| Астана | 3 857 | 9 | 7 | 86 | 1 534 | 18 |
| Алматы қаласы | 10 802 | 28 | 20 | 264 | 6 078 | 134 |
| Шымкент қаласы | 3 773 | 11 | 12 | 66 | 1 595 | 73 |
| Көлік өңірі | 613 | - | - | 2 | 176 | 12 |
| Әскери қызметшілер жасаған | 131 | - | - | - | 4 | - |
| Арнайы аумақ (Байқоңыр) | 97 | - | - | 8 | 38 | - |
*Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің дерегі бойынша


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі