АҚШ сауда министрлігі Қытайдағы жалпы саны 33 жекеменшік компаниялар мен үкіметтік ұйымдарға санкция енгізді.
Алғашқысы санкция тізіміне ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің Сот сараптамасы институты мен сегіз қытайлық заңды тұлға кірді. Уашингтонда оларға «Қытай қуғын-сүргін науқаны барысында адам құқықтарын таптап, этникалық аз ұлттарды жаппай заңсыз ұстап, еріксіз еңбекке күштеді» деген айып тағылды. Министрлік өкілдері атап өткендей, олардың барлығы 2019 жылы қазанда құрылған санкциялық тізімді толықтырады.
Екінші санкциялық тізімге «Ұлттық қауіпсіздікке немесе Құрама Штаттардың сыртқы саяси мүдделеріне қайшы келетін қызметті жүзеге асырды» деген айыппен 24 үкіметтік және коммерциялық Қытай ұйымдары енгізілді. Бұл ұйымдар Қытайда, Гонконгта және Кайман аралдарында орналасқан. Министрлік АҚШ-тан тауарлар мен технологияларды импорттайтын бұл ұйымдар жаппай қырып-жою қаруын және әскери мақсаттағы технологияларды өндіреді деп санайды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті