Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Қазмедиа орталығы» телерадиокешеніндегі жағдайға байланысты түсініктеме беріп, екі қызметкерінен коронавирус анықталған ғимараттың қатаң карантин (штаттық -ред.) режиміне көшкенін хабарлады.
Аида Балаева instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Телеарна басшылығының бастамасы бойынша жүргізілген тесттің қорытындысы оң болып шықты. Қазір «Еуразия+ОРТ» ЖШС орналасқан «Қазмедиа орталығы» ғимаратында жұмыс эпидемияға қарсы қатаң режимге ауыстырылды. Коронавирус жұққандармен араласқан адамдар анықталып жатыр. Олармен жақын араласқан адамдар 14 күнге үй карантиніне жіберіледі» дейді ол.
Оның айтуынша, ғимаратта жұмыс істеген барлық қызметкерлер коронавирусқа тест тапсырады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, «Қазмедиа орталығы» ғимаратында төтенше жағдай кезінде және қазір шамамен 500 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін «Еуразия» бірінші арнасының екі тілшісінен коронавирус анықталғаны хабарланған еді. Ашық дереккөздердегі мәліметтер бойынша, 22 қабаттан тұратын «Қазмедиа орталығы» телерадиокешеніне Қазақстанның мемлекеттік үлесі бар телеарналары қарайды. «Хабар агенттігі» АҚ, «Қазақстан» РТРК», «Kazakh TV», «Мәдениет», «Балапан» телеарналары, «Мир» ХТРК мен «Еуразия+ОРТ» телекомпанияларына қарасты арналар 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап телерадиокешен ғимаратынан хабар таратады. Кешенде одан басқа «Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Астана» радиолары орналасқан.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр