Бүгін түстен бұрын Цай Иыңвын ханым Тайуан (Тайвань) президенті ретінде ант беріп, екінші өкілетті мерзімін ресми түрде бастады. Былтыр Бейжің тарабының қарсылығы мен қысымдарына қарамастан демократиялық күштердің өкілі және аралдың дербестігін жақтаушы Цай Инвын президент сайлауында басым дауыспен жеңіп шыққан.
Соңғы кездері оның үкіметінің халықаралық қауымдастық алдындағы беделі артып келеді. Пандемияға қарсы күресте Тайуан үкіметі табысты нәтижелер көрсете алды. Қытаймен арасын 100 миль қашықтықтағы Тайуан бұғазы бөліп жатқан арал халқының саны 23 миллионнан асады. Жаңа коронавирус инфекциясы Тайуан мен АҚШ-та бір күнде тіркелген. Алайда, Тайуан вирусқа шалдыққандар саны ең аз елдердің бірі болып қалды. Елде 440 адам ғана коронавирус инфекциясын жұқтырған және оның жетеуі қаза тапқан. Сонымен бір уақытта инфекция тараған АҚШ-тың жағдайы бұл күнде әлемге белгілі.
Өз мәлімдемесінде АҚШ мем. хатшысы Майк Помпео президент Цай мен оның үкіметінің індетке қарсы шараларын және нәтижесін аса жоғары бағалаған. Ол мәлімдемесінде президент Цай туралы: «Тайуандағы демократияның өркендеуіне еткен қызметі мен жасаған батыл қадамы әлемге шабыт берді», – деген болатын.
Бейжің тарабы президент Цайдың инаугурациясын бірден сынға алды. Айыптаулардың арасында билік партиясы індет жағдайын Тайуанның дербестік мәселесін алға жылжыту үшін пайдаланып отыр деген сөздер де бар. Бейжіңнің Тайвань мемлекеттік істер басқармасының өкілі Ма Сяогуан пікірінде: «Олар Тайуан бұғазындағы бейбітшілікті бұзу және эпидемия арқылы тәуелсіздікке жету үшін сыртқы күштермен байланыс жасауда», - деген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі