Еуроодақ коронавирустың екінші толқынына дайындалуы қажет. Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Еурокомиссия өкілі Стефан Де Кеерсмакер осындай ескерту жасады.
Еурокомиссия өкілі баяндамасында: «Еуроодақ вирустан төнген қауіп-қатерге қатысты эпидемиологиялық бақылауды жақсарта отырып, індеттің екінші толқынына дайындалуы қажет. Еурокомиссия Аурулардың алдын алу және бақылау орталығымен бірлесе отырып, коронавирустың екінші рет таралу қатері жайлы хабардар ететін арналарды дайындауда. Олар азаматтарға індеттің қайта өршуі мүмкін екенін түсіндіруге көмектеседі», — деді.
Қазіргі уақытта Еуропа елдері COVID-19-бен күрес аяқталмай, карантин шараларын жеңілдетіп жатыр. Еуропада індеттің таралуы жақсы бақылауға алынғанымен, індеттің қайта өршуі әбден мүмкін. Себебі дерттен қайтыс болғандар санының азаюы адамдарды бейқам етеді. Сондықтан күннің жылынуына қарамастан, әлеуметтік арақашықтық пен тазалық шараларын сақтау керектігі айтылды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер