Солтүстік Корея Орталық ақпарат агентті 3 сәуір күні КХДР сыртқы істер министрі мәлімдемесін жариялады. Солтүстік Корей Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі сөзінде: «Көп ұзамай әлем Солтүстік Кореяның өзіне қаратқан барлық санкцияларды тас-талқан еткеніне куә болады», – деді. Бұл туралы бүгін қытайлық «Шинхуа» ақпараттық агенттігінің ресми сайтында хабарланды.
3 наурыз күні Солтүстік Корея Сыртқы Істер министрлігінің ресми өкілі Орталық ақпарат агенттігінің журналистерін қабылдаған. Ол 29 сәуір күні АҚШ Конгресі Сыртқы Істер департаменті бір күн ішінде «Солтүстік Кореяға қарсы сауда санкциясын нығайту»; «Солтүстік Кореяны қауіпті террористік ел ретінде белгілеуі»; «Солтүстік Кореяның құрлық аралық баллистикалық зымыран сынағын айыптау» қатарлы қарарларды бекіткенін тілге тиек еткен. Оған қоса, 31 наурыз күні АҚШ Қазына департаменті де КХДР-ға қарата қосымша санкция тізімін шығарды. Корей түбегінде болып жатқан бірлескен әскери оқу-жаттығулардың жеделдеуі түбектегі жағдайды тіпті де ушықтырғанын айтып өткен.
Солтүстік Корея Сыртқы Істер министрінің ресми өкілі: «Америка санкциялар арқылы Солтүстік Кореяның ядролық қуатын тежеймін деп армандамай-ақ қойсын. Көп ұзамай әлем Солтүстік Кореяның қаншалықты үлкен әрекет арқылы, бізге жасалған зұлымдықтар мен көрсоқыр санкцияларды тас-талқан еткеніне куә болады», – деп қадай айтқан.
“The Qazaq Times”