Атырау облысының төтенше жағдай режимін жүзеге асыруға жауапты шұғыл штабтың мәліметінше, Теңіз кенішінде індет жұқтырған науқастармен байланыста болған жалпы 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталған.
16 сәуірден бері ірі кеніштегі 17 мыңдай адамды өз үйіне жеткізу операциясы басталған. Қазіргі таңдар 10 ыңнан астам жұмысшы індет ошағынан, кеніштен шығарылған. Оның ішінде 4 мыңға жуық жұмысшы әуе жолымен, 3 мыңға жуық жұмысшы темір жол қатынасымен, 3 мыңнан астам жұмысшы автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі 5 мамырда аяқталмақ.
«Олардың арасында 6 мыңнан астам жұмысшы Атырау облысының, 2 мыңнан астамы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының, 600-ден астамы Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер Қазақстанның өзге де өңірлерінен келген мамандар» делінген шұғыл штаб хабарламасында.
Сондай-ақ 1,5 мың адамның 847-сі жақын қарым-қатынаста, 718-і байланыста болған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы