Еурокомиссия одаққа мүше елдерге карантиннен біртіндеп шығу жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл шара бірнеше кезеңмен өтуі тиіс.
Алғашында оқу орындары, кейін сауда орталықтары ашылады. Дәмханалар мен мейрамханалар саны шектелген қонақтарды қабылдауына болады. Тек осыдан кейін бұқаралық шаралар өткізуге рұқсат берілмек. Егер дерт қаупі айтарлықтай бәсеңдесе, одаққа мүше елдер арасында, ал кейін сыртқы шекараларды ашу мәселесі қарастырылады.
Еурокомиссия президенті Урсула Фон Дер Ляйен: «Біздің нұсқау карантин тәртібін алып тастау керек деген сөз емес. Біз тек шектеу шараларын біртіндеп жеңілдетуге шақырамыз. Ол үшін әрине вирустың таралуы едәуір азайғаны жөнінде эпидемиологиялық дәлел болуы тиіс. Екнші маңызды шарт – денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндігін арттыру керек. Сондай-ақ ауырған адамдардың жағдайы үнемі бақылауда болғаны дұрыс», — деді.
Еуропа елдерінде індеттің таралу қарқыны бәсеңдеген. Алайда дерт жұқтыру қауіпі әлі де жоғары. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Еуроодақ аумағында 944 мың адам коронавирус жұқтырып, 80-мыңнан астамы көз жұмды. Қауіпті індетпен күреске Еуроодақ 3 триллион еуро жұмсаған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?