Германияның Конституциясын қорғау жөніндегі федералды басқармасы Қытайда коронавирустың таралуы жөнінде жасырын үгіт-насихат саясатын ұстанып отыр деп санайды. Бұл туралы германиялық Welt am Sonntag газеті хабарлады.
«Қытай шенеуніктері коронавирусқа қатысты ақпараттық-насихат жұмыстарын өз позициясынан ұсынып отыр», - делінген агенттік хабарламасында. Германия барлауына сәйкес, Бейжің COVID-19 вирусының Қытайдан шыққанын мойындағысы келмейді және Батыс елдеріне Қытайды «әлемдік дағдарысты бірінші болып жеңіп шыққан сенімді серіктес ретінде көрсетуге» тырысып отыр.
Қытай өкілдері Германия министрлерімен байланысқа шығып, Бейжіңнің пандемиямен күрестегі іс-әрекеттеріне оң баға беруін сұраған. Басылымның мәліметінше, наурызда Германия сыртқы істер министрлігі басқа федералды ведомстволарға Қытай тарапының өтінішіне жауап бермеу туралы ұсыныс білдірген.
Айта кетейік, Қытайдың Хубэй провинциясынан тараған коронавирус дертіне әлем бойынша 1 миллион 800 мыңға жуық адам шалдықса, 110 075 адам ажал құшқан. Батыс басылымдары Қытай билігінің COVID-19 жөнінде мәліметтерді жасырып отырғанын жазса, АҚШ коронавирусты «Ухань вирусы» деп бірнеше мәрте мәлімдеген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі