Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Петербургтағы терактық шабуылдың орындаушысы Қырғызстанда дүниеге келген Ресей азаматы болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
"Келтірілген болжамдарға сәйкес, метрода жарылыс жасаған Ош қаласында туылған, кейіннен Ресейдің азаматтығын алған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов болуы мүмкін" - деп мәлімдеді, ҰҚК.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, бүгінде Ресей мен Қырғызстанның қауіпсіздік комитетінің өкілдері бірлесе жұмыс жасап, жарылыстың мән-жайын анықтауда.
Бірақ, Ресейдегі Қырғызстан елшілігі өкілдерінің айтуынша, Бішкекке Санкт-Петербургтағы терактқа қызғызстандықтың қатысы бар екендігі жайлы нақты ақпарат келіп түскен жоқ.
ҰАК хабарлауынша, террористтер қолдан жасалған жарылғыш заттарды пайдаланған. Комитет келтірген болжамдарға сәйкес, жарылғыш затты пойызға портфельмен алып кірген болуы керек. Жарылыстың салдарына қарағанда, жарылғыштардың саны екеу болуы да мүмкін. Жарылыс 14:40 шамасында "Сенная площадь" станциясынан шыққан пойызда орын алған. Сонымен қатар, "Площадь Восстания" станциясында екінші қолдан жасалған жарылғыш зат анықталып, Ұлттық антитеррористік комитетінің мәлімдеуінше, толықтай залалсыздандырылған.
Соңғы деректер бойынша, жарылыс салдарынан 11 адам қаза тауып, 51-і ауыр жараланған.
“The Qazaq Times”


















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр