Бүгін елімізде тағы 5 адамнан коронфвирус белгілері байқалып жалпы еліміз бойынша аты жаман ауруға душар болғандар саны 453 адамға жетті.
3 cәуір 14:00 сағаттағы жағдай бойынша тағы 5 адам тәжтажалмен жұғымдалған. Олардың екеуі Алматыдан болса қалған үшеу Солтүстік Қазақстан обылсында тіркелген.
Осы уақытқа шейін елордада 199 адам, Алматы қаласында – 93 адам, Қарағанды облысында - 22 адам, Ақмола облысында - 19 адам, Атырау облысы - 20 адам, Жамбыл облысында -6 адам, Шымкент қаласында - 11 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 7 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 18 адам, Павлодар облысы мен Маңғыстау облысында - 1 адамнан, Қызылорда облысында - 26 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 16 адам, қауіпті індетке душар болып, жалпы науқастар саны 453-ке жетті.
Айта кетелік бүгінге дейін ел астанасынан 1 адам, Ақмола облысынан 1 адам, Қарағанды облысынан да 1 адам бақилық болса, Елордадан 16, Алматыдан 13 адам тәжтажалдың құрығынан құтылып жазылып шыққан.
Назерке Мұхаметхан