Індеттің әсерінде Шығыс Азияда миллионлаған адам кедейлік қамытын киюі мүмкін. Аймақта Қытайды қамтыған және бірқатар дамыған елдердің экономикалық дамуы баяулап, біртіндеп кері шегінеді деген болжам жасады Дүниежүзілік банк.
Болжамға сенсек, бұған дейін әлемнің екінші орнын иелеп келген Қытай экономикасы осы жылы тек 1-2 пайыздық өсім көрсетеді. Бұл тіпті ең жақысы болды деген күнде, егер пандемияны уақытында тізгіндей алмаса, онда бұл жағдай тұтас әлем экономикасына әсер етпек.
Шығыс Азиядағы әлеуметтік жағдайларды есепке ала отырып 11 млн шамасында халықтың күні қиындай түсетіні болжанып отыр. Егер жағдай бұдан да жаманға кетсе бұл сан еселеніп артуы да мүмкін.
Қазір індет жағдайы Оңтүстік Еуропа мен АҚШ-та ең ауыр күйде тұр. Ал әлем бойынша індет жұқтырғандар саны 800 мың адамға жетіп қалды, 37 мыңнан астам науқас көз жұмды.
Індет әлемнің бірінші және екінші экономикасын иелеген елдерге ауыр ойран салды. Оның ықпалы экономикалық дағдарыс толқыны болып тұтас әлемге жайылуы мүскін. Өкінішке орай, қазіргі болжамдар алдағы бір жылда әлемдегі дағдарыстың салмағы ауыр болатынын ескертуде.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді