«The New York Times», «The Washington Post» және «The Wall Street Journal» басылымдары Қытай билігінен АҚШ тілшілерін елден шығару туралы шешімді қайта қарауды талап етіп, Бейжіңнің бұл әрекетін сынға алды. Бұл туралы Reuters ашық хатқа сілтеме жасап хабарлады.
«Қытай үкіметінен жаңалықтар бөлімдерінде жұмыс істейтін тілшілерімізді елден шығару туралы шешімді өзгертуін қатаң түрде талап етеміз», — делінген хатта. Олар сондай-ақ мұндай шешім коронавирус пандемиясымен жаһандық күрес жағдайында қолайсыз екенін айтты.
17 наурызда Қытай «The New York Times», «Washington Post» және «The Wall Street Journal» газеттерінің кейбір журналистерін аккредитациялаудан бас тартқан.
Наурыздың басында АҚШ Мемлекеттік департаменті Америкадағы қытайлық редакциядарда жұмыс істейтін журналистердің санын 160-тан 100 адамға дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. 13 наурыздан бастап «Синьхуа» агенттігінің қытай төлқұжаты бар қызметкерлерінің саны 59, CGTN — 30, China Daily — 9 адамға жетті.
Бұған дейін Бейжің «The Wall Street Journal» газетінде жарық көрген «Қытай — Азиядағы нағыз науқас мемлекет» деген мақаладан кейін аталған редакцияның үш тілшісіне берілген аккредитацияны қайтарып алып, бес күннің ішінде елден кету туралы бұйрық шығарған.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр